Әйелге тән сұлулық! ("Ең бақытты әйел" кітабынан)
Сіз бақытты болу үшін жаралғансыз Бақытсыз болу да өзіңізге байланысты Таңдау сізде! Әлем – сұлулыққа тұнып тұр! Айналаңызға зер салып қарасаңыз, Ұлы Шебердің шеберлігі мен асқан даналығын паш ететін сән көрмесінде жүргеніңізді аңғару қиын емес! Көрмедегі әрбір жаратылыс өзінше сұлу! Әрбір жаратылыс бойындағы сұлулығы мен айналаға көрік сыйлайды. Күлім қаққан күн мен жымыңдаған жұлдыздар, ақша бұлттар мен иісі жұпар аңқыған түрлі-түсті гүлдер, балапанын бауырына басып, айналаны әсем-әнге бөлеген құстар әлемі, аспан мен таласқан асқар таулар мен жан-жануарлар, өзен-көлдер – бәрі, бәрі де сұлу!...